Негізгі қызмет түрі

Кез келген мемлекеттің экономикасы мен тіршілігінің әрекет етуінің негізі электр энергетикасы болып табылады. Электр энергетикасы инфрақұрылымының сенімділігінің арқасында, елдің бүкіл энергетика кешенінің жұмысының тиімділігі байланысты болады.

«Батыс транзит» акционерлік қоғамы Қазақстанда мемлекеттік-жеке серіктестіктің бірінші сәтті мысалы болып табылады. 2005 жылы құрылған күннен бастап біздің келесіні іске асырдық:

- кернеуі 500 кВ құрайтын «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану жөніндегі концессиялық жоба (жобаның құны 188 млн. $, 2009 жылдан бастап пайдаланылуда);

- «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының №4 филиалының балқыту цехы бойынша сыртқы электрмен қамтуды қамтамасыз ететін, кернеуі 220 кВ құрайтын электр беру желілерін салу және пайдалану жөніндегі инвестициялық жоба (жобаның құны 20 млн. $, 2013 жылдан бастап пайдаланылуда).

Аталған инфрақұрылым нысандары тартылған инвестиция есебінен салынды, электр энергиясын беру қызметтерінің тарифтерінің қаражаты есебінен ақталады.

ЭБЖ 500 кВ тұрғызу кезінде жаңа озық технологиялар қолданылды:

* ТМД елдерінде бірден-бір болып табылатын, қуаты 400 МВа, 220/220 кВ-тық мәжбүрлі түрде ток тарататын үш фазалы фазалы-бұрылыстық трансформатор (ФБТ), қазақстандық энергия көздерінен Ақтөбе облысының тұтынушыларын сенімді түрде электрмен қамтыды;

* Қазақстанда алғаш рет, әдеттегі қолданылатын найзағайға қарсы арқанның орнына, әзірленген ӘЖ 500 кВ сымдарына ілінетін ОПН – 500 кВ артық кернеудің шектеушілері монтаждалды;

* ток өткізгіш сымдарды асу үшін, SPA «TESMEC» италиялық өндірушісінің мамандандырылған техникасын қолдану арқылы ауамен керу жаңа әдісі қолданылды, соның арқасында нысанның құрылысының ырғағын тездетуге мүмкіндік берілді.

«Батыс транзит» АҚ үлкен әлеуетке, бірегей білімдерге және практикалық тәжірибеге ие жоғары білікті мамандардың командасын біріктірді!