Cеріктестер


 

 

KEGOC АҚ

 «Электржелілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 1188 "Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық тұрғыдан қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысына сәйкес құрылған болатын. «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр-энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы етіп тағайындалған, оның негізгі міндеті Қазақстанның БЭЖ-ның тұрақты қызметін қамтамасыз ету және Ұлттық электр желісін мемлекеттік саясат шеңберінде қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға сай келетіндей түрде сенімді басқару.«Батыс транзит» АҚ «KEGOC» АҚ-ның арналы желілері бойынша еліміздің өзге аймақтарында өндірілетін электрқуатын алумен оы компаниямен тығыз әріптестік жасауда.

 
 
 
 

«КАЗХРОМ» трансұлттық компаниясы» АҚ

 

  «Батыс транзит» АҚ тұтынушыларының тізіміне «КАЗХРОМ» трансұлттық компаниясы» АҚ кіреді. «КАЗХРОМ» трансұлттық компаниясы» АҚ Eurasian Natural Resources Corporation холдингінің құрамына кіреді және хромдық шикізаттың сапасы мен өндіру көлемі бойынша көшбасшы және әлемдегі ең жылдам қарқынмен дамып келе жатқан фероқорытпаларды өндірушілердің бірі болып табылады. «КАЗХРОМ» трансұлттық компаниясы» АҚ құрамындағы көміртегі мөлшері жоғары феррохромды (соның ішінде фосфоры аз феррохром сияқты арнайы сұрыптарын), құрамындағы көміртегі мөлшері орташа және төмен феррохромды және ферросиликохром, ферросиликомарганец және ферросилиций тәрізді өзге қорытпаларды, сондай-ақ хромдық және марганецтік концентратты шығарып сатады. Ферроқорытпаларды негізінен  болат құю кәсіпорындары және қалған хромдық және марганецтік кенді ферроқорытпалардың өзге өндірушілері мен химия өнеркәсібінің кәсіпорындары  сатып алады.

 
 

    

"Темiржолэнерго" ЖШС

"Темiржолэнерго" ЖШС – «Батыс транзит» АҚ-ның тұтынушысы болып табылады. Қазіргі уақытта "Темiржолэнерго" ЖШС жалпы Қазақстан Республикасы бойынша пайдалану қажеттіліктеріне, сондай-ақ пойыздардың локомотивтік күшіне арналған темір жол қажеттіліктері үшін электр энергиясының негізгі жеткізушілерінің бірі болып саналады. "Темiржолэнерго" ЖШС құрылған сәттен бастап «АЕS Екібастұз» ЖШС, «АЕS Қазақстан» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «Аксесс Энерго ПЖЭЦ-2» ЖШС, «Қарағанды Жылу» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «Қазмырыш» АҚ сияқты және басқа да компаниялармен берік, сенімді, серіктестік қатынас орнатып, жұмыс істеп келуде. Бұдан бөлек, электр энергиясын энергия көздерінен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның нысандарына дейін жеткізу үшін, өңірлік электр желісі компанияларымен қарым-қатынас орнатылып, тасымалдау шарттары жасалды.


«Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС

«Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС – «Батыс транзит» АҚ-ның тұтынушысы болып табылады. Қазіргі уақытта «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС Ақтөбе қаласының энергетика кешенінің қажеттіліктері үшін электр энергиясының негізгі жеткізушілерінің бірі болып саналады. Осы ұйымның міндеттеріне: әртүрлі өндірушілерден алынатын электр энергиясын Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысына жеткізу, шарт жасасу және электр энергиясын тұтынушыларға сату міндеттері кіреді.