Әлеуметтік жауапкершілік

«Батыс транзит» АҚ, әлеуметтік жауапкершілік рөлін; әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы қоғамды дамытуға қосылған ерікті үлес ретінде көреді. Қоғам, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызын түсінгендіктен, өзінің ағымдағы қызметі барысында бизнестің құндылықтары мен қағидаттарын жалпы тұтынушылар мен қоғамның алдында өзінің жұмыскерлеріне, бизнестегі серіктестермен жасалатын қарым-қатынасқа қарата қолдана отырып, белсенді түрде жүзеге асырады.

 Ікшкі әлеуметтік жауапкершілі

Қоғам, әлеуметтік жауапкершілік, ең алдымен, өз жұмыскерлерінің алдындағы жауапкершіліктен басталатынын түсінеді. Осыған байланысты, Қоғам өзінің жұмыскерлері үшін барынша ыңғайлы еңбек шарттарын жасайды, соның ішінде қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер жиынтығын ұсыну арқылы.

Компанияның жұмыскерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, Қоғамның ішкі ережелері негізінде жүзеге асырылады және ең алдымен келесіге бағытталған:

  • еңбек қауіпсіздігі;
  • еңбекақының тұрақтылығы мен бәсекелесу қабілеті;
  • қызметкерлерді қосымша медициналық және әлеуметтік сақтандыру;
  • адами ресурстарды оқу бағдарламалары, даярлық бағдарламалары және біліктілікті арттыру бағдарламалары арқылы дамыту;
  • күрделі жағдайға тап болған жұмыскерлерге көмек көрсету.

 

Ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды жасауға, қызметкерлерді біріктіруге және бірыңғай мақсаттарға жету үшін команданы құруға септігін тигізетін корпоративтік іс-шараларды өткізуге де ерекше назар аударылады.

Қоғамның ұжым ішілік өмірінің ажырамас бөлігі – спорт. Спортпен шұғылдануға қызметкерлер ғана емес, олардың отбасы мүшелері де тартылады. Қоғам, компанияның қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне спорттық-сауықтыру және медицина қызметтерін көрсету үшін жетекші спорттық мүшелік клубтармен бірнеше жыл бойы келісімдер жасасып келуде.  

Сыртқы әлеуметтік жауапкершілік

 «Батыс транзит» АҚ қоршаған ортаны қорғауға қолғабыс ету мақсатында экологияға өндірістік қызметтің әсерін азайту міндеттемелерін өзіне қабылдайды. Экологиялық көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге жету үшін, экологиялық менеджменттің келесі бағыттары айқындалды:

- әрекеттегі энергетикалық нысандарды пайдаланғанда және жаңа энергетикалық нысандарды салғанда экологиялық нормаларды ұстану;

- экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін энергетикалық жабдықтарды қолдану. 

Қоғам; нысандарды электр қуатымен сенімді түрде және үздіксіз қамтамасыз ету, өзінің желілерін уақытында жаңғырту, технологиялық бұзылымдарды ең қысқа мерзімнің ішінде болдырмау және жою арқылы мемлекет пен тұтынушылардың алдында жауапкершілік тартады.

Сонымен қатар, Қоғамның сыртқы әлеуметтік жауапкершілігі де демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бағытында іске асырылады. Осылайша, Қоғам, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі бола отырып, Қазақстанның энергетика саласының қалыптасуы және дамуы туралы жылнама-кітапты шығару үшін демеушілік көмек көрсетті.   

Ұлты Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеудің қарсаңында Қоғам Алматы қаласы Алмалы ауданының Ардагерлер Кеңесіне шамадан келетін материалдық көмек көрсетті. 

Қоғам, шетелдік компаниялардың ұқсас тәжірибесінде үздік стандарттар мен тәсілдемелерге барынша сәйкес келуге талпына отырып, әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жұмысын одан әрі жалғастыратын болады.

    

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы

 

Алматы қаласында селден зардап шеккендерге көмек көрсетілді