Ақтөбе облысының электр нарығы Ақтөбе

Ақтөбе облысы электр энергиясы нарығына талдау

2011–2015 жылдар кезеңінде Ақтөбе облысында электр энергиясын тұтыну 11%-ға ұлғайды.

Жалпы алғанда аймақта соңғы 3 жылдың ішінде (2013–2015 жж.) энергияны тұтынудың өсу қарқыны тұрақты үдемелі екені байқалады (1-диаграмма).

1-диаграмма. Ақтөбе облысының 2011–2015 жылдардағы энергияны тұтыну қарқыны. (мың кВт.сағ.)

Сонымен, 2015 жылы облыс бойынша энергияны тұтынудың артуы 12%-ды құрады (4 741 675 мың кВт.сағ.), ал 2014 жылы (4 236 314 мың кВт.сағ.) 2013 жылмен (3 934 620 мың кВт.сағ.) салыстырғанда өсу 7%-ды құраған. Өз кезегінде, 2013 және 2012 жылдары өсу тиісінше

небәрі 1% және 3%-ды құраған.Соңғы бес жылдың ішінде (2011–2015жж.) Ақтөбе облысындағы энергия тапшылығы салыстырмалы түрде алғанда тұрақты болды, дегенмен аздап құбылулар байқалды (4-кесте, 2-диаграмма). Сонымен 2015 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда облыстағы электр энергиясының тапшылығы 2%-ға артып, облыстың энергияны жалпы тұтыну көлемінің 36%-ын (1 693 357 мың кВт.сағ) құрады. 2014 жылы электр энергиясының тапшылығы сондай-ақ 2%-ға (2013 ж. 32%-дан 2014 ж. 34%-ға дейін) артып, 1 457 517 мың. кВт.сағ-ты құрады, сол екі арада 2012 жылы электр энергиясының тапшылығы 39%-ды құрады (1 532 458 мың кВт.сағ). АЖ-500 «Батыс транзит» АҚ арқылы табысталған Ақтөбе облысындағы энергия тапшылығының өтелуі, 2011–2015 жылдар кезеңінде Қазақстандағы электр энергиясының мөлшері айтарлықтай ұлғайғанын көрсетеді (5-кесте, 3-диаграмма). Сонымен 2015 жылы өңірдегі ресейлік электр энергиясының жалпы үлесі 4%-ға дейін төмендеді, сол екі арада 2011 және 2012 жылдары, ол тиісінше 30% және 20%-ды құраған.

Талдау жасалып жатқан кезең ішінде Ақтөбе облысына АЖ-500кВ «Батыс транзит» АҚ арқылы электр энергиясын жеткізу үлесі 2011 жылы 21%-дан 2015 жылы 34%-ға дейін өсті (6-кесте, 4-диаграмма). Сондай-ақ өңірде жұмыс атқаратын ірі жеткізушілер: 23% үлесі бар Жаңажол ГТЭС, 20%-бен АФЗ ГТҚ және 14%-бен Ақтөбе ЖЭС болып табылады.

 



ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ТАРИФТЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Тұтынушылармен жасалған шарттар және оларды орындау 2015 жылы Қоғам келесі аталған контрагенттермен 500 кВ «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық желісі бойынша электр энергиясын беру қызметтерін көрсету туралы шарттарға қол қойды:

1. «Ақтөбеэнергожабдықтау» ЖШС, 279 388 мың кВт.сағ. көлемінде, 16.02.2009 жылғы № 1/190-юр шарты негізінде, 29.10.2014 жылғы № 9 қосымша келісімі бойынша;

2. «Казхром» ТҰК» АҚ, жалпы көлемі 2 555 505 мың кВт.сағ., оның ішінде 2 235 655 мың кВт.сағ. – «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» филиалы, 31.12.2014 жылғы № 14-11/4/5/2870 шарты негізінде; 319 550 мың кВт. сағ. – «Дон тау-кен байыту комбинаты» филиалы (жер қойнауын пайдалану), 31.12.2014 жылғы № 14-11/4/5/2871 шарты негізінде.

3. «KEGOC» АҚ-тың технологиялық шығындарды және «KEGOC» АҚ-тың Ақтөбе қ. филиалының жеке қажеттіліктерін өтеуге арналған көлем – 102 325 мың кВт.сағ., 22.12.2014 жылғы № 28-Д-1190 шарты негізінде.

4. «Интер РАО Орталық Азия» ЖШС, 6 330 мың кВт.сағ. көлемінде, 17.01.2013 жылғы № 3/5 шарты

негізінде, 31.12.2014 жылғы № 3 қосымша келісімі бойынша;

5. «Уранэнерго-Пул» ЖШС, 6 100 мың кВт.сағ. көлемінде, 27.01.2015 жылғы № 11 шарты негізінде.

6. «Energy Trade Co.» ЖШС, 30 215 мың кВт.сағ. көлемінде, 26.02.2015 жылғы № 1/T шарты негізінде.

Жасалған шарттар бойынша 2015 жылғы электр энергиясын берудің жоспарланған көлемі 2 979 563 мың кВт.сағ. құрайды.  2015 жылы технологиялық электр энергиясы шығынының нақты көлемі

1 620 790 мың кВт.сағ. құраған, ауытқуы 1 358 773 мың кВт.сағ. немесе 46%-ды құраған.

Ақтөбе облысының 2015 жылдағы электр энергиясын өндіру және тұтыну нарығына жасалған талдауға сәйкес, АЖ-5740 «Жетіқара – Өлке» бойынша электр энергиясын беру көлемінің азаюына келесі себептер әсер еткен:

• Ақтөбе өңіріндегі энергия өндіретін ұйымдардың электр энергиясын өндіруді ұлғайтуы;

• «Батыс транзит» АҚ-тың желілері бойынша жеке тұтынушылардың электр энергиясын беру бойынша келіскен көлемді көтеруі;

• Ақтөбе ферроқорытпа зауытының филиалы «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың №4 қорытпа цехындағы пеш апаты.

Технологиялық шығындар ЭБЖ-500 «Батыс транзит» -тағы технологиялық электр энергиясының

шығыны электр энергиясын беру барысында болады.

Технологиялық электр энергиясы шығынының және өзінің қажеттіліктерін өтеуінің нақты көлемі 2015 жылы 81 790 мың кВт.сағ-ты, немесе берілген электр энергиясының көлемінен 5,05%-ды құраған.

Тариф

Табиғи монополияның субъектісі ретінде, «Батыс транзит» АҚ тарифжәне тарифтік сметаны құру, бекіту және атқару уақытында ҚР-дың 1998 ж. 9 шілдеден № 272-I «Табиғи монополия және реттемелі нарық» туралы заңы және тағы басқа нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 22.06.2011 жылғы № 102-ОД

бұйрығына сәйкес «Батыс транзит» АҚ-та электр энергиясын беру қызметтеріне ҚҚС-ті есептемегенде, 1 кВт.сағ үшін 3,45 теңге деңгейінде тариф бекітілді. Бұл тариф 2015 жылдың қаңтар-қазан кезеңінде жұмыс істеген.

2015 ж. 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша

департаментінің № 181-ОД бұйрығы бойынша «Батыс транзит» АҚ 2015 жылдың 1 қарашасынан 2020 жылдың 31 қазанына дейінгі кезеңге электр энергиясының берілуі және бөлінуі қызметтеріне тарифтің шектік деңгей келесі мөлшерлерде бекітілді:

• 2015 ж. 1 қарашасынан 2016 ж. 31 қазанына дейін – 1 кВт.сағ. үшін 3,44 теңге мөлшерінде (қосылған құн салығын қоспағанда);

• 2016 ж. 1 қарашасынан 2017 ж. 31 қазанына дейін – 1 кВт.сағ. үшін 3,44 теңге мөлшерінде (қосылған құн салығын қоспағанда);

• 2017 ж. 1 қарашасынан 2018 ж. 31 қазанына дейін – 1 кВт.сағ. үшін 3,43 теңге мөлшерінде (қосылған құн салығын қоспағанда);

• 2018 ж. 1 қарашасынан 2019 ж. 31 қазанына дейін – 1 кВт.сағ. үшін 3,29 теңге мөлшерінде (қосылған құн салығын қоспағанда);

• 2019 ж. 1 қарашасынан 2020 ж. 31 қазанына дейін – 1 кВт.сағ. үшін 2,71 теңге мөлшерінде (қосылған құн салығын қоспағанда).