500кВ ЖВ жобасы

Қазіргі уақытта Қазақстанның электр желілері шартты түрде Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық желісіне (бұдан әрі – БЭЖ) біріктірілген. Қазақстанда электр станцияларының шектеулі саны бар, олар әркелкі, негізінен Республиканың Солтүстік өңірлерінде орналасқан. Қазақстанның БЭЖ жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттырудың стратегиялық бағыттарының бірі, бұрынғы Одақтың дезинтеграциясы (БЭЖ) нәтижесінде электрмен қамтудың сенімділігі нашарлаған Қазақстан өңірлерін сенімді түрде электрмен қамту, ішкі транзиттерді күшейту болып табылады.

Республиканың Батыс өңірі осы уақытқа дейін Қазақстанның БЭЖ-мен тікелей электр байланыстарына ие болмаған еді. Электр беру желісін салу қажеттілігі, Ақтөбе облысында қалыптасқан энергия тұтыну деңгейінің өсуі ырғағы себебінен энергетикалық қуаттардың тапшылығына байланысты туындады. Бұл арада, Солтүстік Қазақстанда электр энергиясын өндіру бойынша қуаттардың елеулі резервтері бар еді.  

 Үш міндеттің үшеуін де шешудің нұсқасы табылды: Қазақстанда, мемлекеттік-жеке серіктестік үлгісінің негізінде, «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісінің құрылысы басталып кетті. Жоба екі кіші станцияны кеңейтуді және 487 км-ге созылатын ЭБЖ-ін Қостанай мен Ақтөбе облыстары арқылы салуды көздеді

          Видеоматериал взят из официального сайта ЕАБР 

 

2005 жылғы қараша айында заңды тұлға болып құрылған «Батыс транзит» АҚ, Солтүстік Қазақстанды Ақтөбе облысымен біріктіретін өңіраралық электр беру желісінің құрылысы ұлттық маңызы бар жобасын жүзеге асыруда мемлекеттік-жеке серіктестіктің бірінші мысалдарының бірі болып табылады.

Осы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында Еуразиялық даму банкі 2008 жылғы қараша айында несие келісіміне қол қойды; аталған келісім, «Батыс транзит» АҚ концессиялық компаниясына 30,5 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызды 7 жылдық мерзімге беруді көздейді. Мәмілеге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «KEGOC» Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергиясы жүйесінің жүйелік операторы да қатысты.                                                                                      

«Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу кезінде жабдықтар мен желілердің, коммутациялық жабдықтардың, ақпараттық технологиялардың, кіші станцияларды автоматтандыру құралдарының апатсыз жұмысына адами фактордың әсерін азайту бойынша жаңа технологияларды енгізу бойынша міндеттер қойылды.

500 кВ «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық транзитінің іске қосылуы бүкіл Қазақстан үшін үздік жоба болып табылады. Ең алдымен, пайданы Ақтөбе облысының ірі өнеркәсіптік тұтынушылары сезді, себебі олар үшін электр энергиясының түпкілікті тарифі, Солтүстік Қазақстанның электр станцияларынан ӘЖ 500 кВ бойынша электр энергиясын берудің баламалы бағдарының пайда болуы арқылы төмендеді. Бұдан тысқары, жаңа ЭБЖ-ін тұрғызу, осы электр станцияларының жүктемесінің артуына себеп болды. Энергетика инфрақұрылымын дамыту есебінен жоба Қазақстан өңірлерінің тұрақты экономикалық өсуіне ықпалын тигізеді, елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді, елдің электр энергиясының бірыңғай нарығын дамытуға әсер етеді.