Концессия

Мемлекеттік-жеке серіктестік

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) әрекет етеді, ол 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген.

Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі мемлекеттік-жеке серіктестік (бұдан әрі -МЖС) саласындағы мемлекеттік саясатты дамытумен негізделген.

МЖС, әлемде кең таралған соң, қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға жеке кәсіпкерлік субъектілерін жұмылдыру бойынша мүмкін әрі тиімді механизмдердің бірі ретінде өзін таныта білді.

Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін қолдану мемлекет үшін де, бизнесті дамыту үшін де басымдылықтардың қатарын ұсынады. Жеке сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер мен сәйкесінше табыстың жаңа қайнар көздері, ірі жобаларға қатысу мүмкіндіктері ашылады. МЖС мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі салаларында жеке сектордың ресурстық және зияткерлік әлеуетін қолдануды болжамдайды.

Халықаралық тәжірибеде МЖС жалпы қабылданған анықтамасы жоқ, жалпы МЖС мәні, бұл тәуекелдерді, пайда мен шығындарды, құқықтар мен міндеттемелерді теңдестірілген үлестіру шарттарында мемлекеттік жауапкершілігі саласына дәстүрлі түрде жатқызылатын, тиісті шарттарда анықталатын салаларда, мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді серіктестігі екендігіне саяды.

Халықаралық тәжірибеде МЖС екі түрге жіктейді: институционалдық және шартты.

Қазақстанның көліктік және энергетикалық сектордағы жобаларды іске асыру кезінде концессия шартының негізінде МЖС шартты түрлерінің бірін қолдану бойынша заңнамасы мен тәжірибесі бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанда іске асыру сатысында көліктік және энергетикалық салаларындағы 5 концессиялық жоба орналасады, «Батыс-транзит» акционерлік қоғамы іске асыратын «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» электр берілісінің өңіраралық желілерінің құрылысы мен оларды қолдану" жобасы аса табысты жобалардың бірі.

Ең алғашқы концессиялық жобалардың бірінің табысты тәжірибесі МЖС механизмдерін қолданудың келесідей оң нәтижесін көрсетті:

 - мемлекеттік мәні бар объектілерге инвестициялау үшін мемлекеттік емес қаржыландыруды жұмылдыру;

 - мемлекет және жеке инвесторлар арасындағы жобаны іске асыру бойынша тәуекелдерді бөлу;

 - жеке инвесторға басқару атқарымдарын табыстау көмегімен жобаның іске асырылуын экономикалық тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

 - инфрақұрылымды дамытуға заманауи, жоғары тиімділігі бар технологияларды жұмылдыру.