«Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» электр берілісінің өңіраралық желісін қолдану мүмкіндіктерін кеңейту
2010 жылдан 2014 жылға дейін Ақтөбе қ. «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбелік ферроқорытпалар зауытының аумағында жаңа № 4 қорыту цехінің құрылысы жүргізілді. Құрылыстың негізгі мақсаты – шығарылатын өнімдердің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін ең жаңа энергиясы тиімді жабдықтар мен технологияларды енгізу. «Батыс транзит» АҚ осы № 4 балқыту цехын сыртқы энергиямен сенімді түрде қамтуды ұйымдастыру мақсатымен, қысқа уақыт ішінде – 2012 жылғы тамыз айынан бастап 2013 жылғы мамыр айына дейін Ақтөбе МЭС-ның «Өлке» 220 кВ - КС 500 кВ кернеуінен «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның «ГПП-2» АЗФ КС 220 кВ кернеуіне ие бір тізбекті жоғары вольтты электр беру желілерінің екеуін құрды. Әрбір тізбектің ұзындығы 37 км құрады. № 4 цехтың есептік электрлік жүктемесін ескере отырып жаңа ӘЖ 220 «Өлке – КС ГПП-2 АЗФ» желісінің қуаттылығы 270 МВт құрайды. Жаңа жоғары вольтті электр берілісінің желілерін қолданысқа салтанатты түрде енгізу 2013 жылғы 4 шілдеде өтті
Жаңа ӘЖ 220 кВ құрылысын іске асыру тек Ақтөбелік ферроқорытпалар зауытының № 4 қорытпа цехін берік, сырттай энергиямен қамтуды жүзеге асырумен қатар, сондай-ақ ӘЖ 500 кВ «Жетіқара - Өлке» бойынша жіберілетін электр энергиясының көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Солай, қорытпа цехі жаңа жобалық қуаттылыққа шыққан соң, «Батыс-транзит» АҚ желілері бойынша транзиттің 2,5 есе артуы болжамданады, бұл Ақтөбе аймағының барлық тұтынушылары үшін 20 пайыздан астам көлемде электр энергиясының берілісіне арналған тарифті төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұл жобаға арналған инвестициялардың көлемі 3 млрд. теңгені құрады. Құрылыс Еуразиялық Даму Банкінің қарыздық қаражаттарының есебінен қаржыланды. Бас мердігер «Kerneu Ltd» ЖШС болды.
«№ 4 цех» «Қазхром» ТҰК» АҚ ірі инвестициялық және инновациялық жобасы, ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасына кіреді, Ақтөбе өңірінің экономикасы үшін өте маңызды болып табылады. № 4 цехтің жылдық өндірістік қуаттылығы жоғары көміртекті феррохромның 440 мың тоннасын құрады.