Ұлы Жеңістің 70 жыл

Жақындап келе жатқан мерейтой – халқымыздың 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығы, ТМД елдерінің тарихында өте маңызды және шын мәнінде айтулы күн болып табылады. Ең қатал, қиян-кескі болып өткен бұл соғыс, «көздің жасы ағатын Жеңіс күнін» өз өмірін сарп етіп жақындатқан миллиондаған адамдардың, соның ішінде Қазақстандықтардың да жанын қиды.

 

Соғыста қайтыс болған және бүгінде аман-сау өмір сүріп жатқан, қатары сиреп бара жатқан 90 жастағы және одан да қарт ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында, «Батыс транзит» АҚ айтулы Мерейтой күніне орай демеушілік қайырымдылық көмек көрсетті.