«Мехэнергострой» ЖШС, «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамымен бірге «Батыс транзит» АҚ-ын құрды.
«Батыс транзит» АҚ 2005 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаментінде бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтті.
Мемлекеттік тіркеу күнінде «Батыс транзит» АҚ-ның жарғылық капиталы 300 000 000 (үш жүз миллион) теңгені құрады. Жарияланған және орналастырылған акциялардың саны 30 000, олардан жай акциялар – 30 000, артықшылықты акциялар – 0. Бір акцияның атаулы құны 10 000 (он мың) теңге.
2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша «Батыс транзит» АҚ-ның 24 000 дана көлеміндегі акциялар пакетінің 80%-ы «Мехэнергострой» ЖШС-не, ал «Батыс транзит» АҚ-ның 6 000 дана көлеміндегі акциялар пакетінің 20%-ы «KEGOC» АҚ-на тиесілі болып табылады.