Атырау қаласының көшелеріне жарықтандыруды салу және пайдалану



2017 жылғы 5 шілдеде «Батыс транзит» акционерлік қоғамы мен Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арасында «Атырау қаласының көшелерін жарықтандыру желісін салу және пайдалану» атты жобаны жүзеге асыру жөніндегі алғашқы жаңа мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жасалды.

Бұл жоба аясында энергияны тиімді пайдалану және оны үнемдеуге бағытталған іс-шаралар атқарылады. Ол үшін «SANAU LIGHT» бағдарламалық құралы негізіндегі Сыртқы жарықты басқарудың автоматтандырылған жүйесі (СЖБАЖ) және «SANAU ENERGY Электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі» («SANAU ENERGY» ЭКЕАЖ) сияқты жаңа технологиялар енгізіліп, әлемнің жетекші өндірушілерінің LED жарықшамдары пайдаланылады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы аталған жоба жаңа технологияларды енгізу, пайдалану шығындарын азайту, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, олардың қалада жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау, қылмыс деңгейін азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.