Компанияның тарихы

Компания тарихы

«Батыс транзит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Батыс транзит» АҚ), «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісі құрылысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы №1008 қаулысына сәйкес, 2005 жылғы қараша айында құрылған.

«Батыс транзит» АҚ Құрылтайшылары «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) және «Мехэнергострой» ЖШС болып табылады.

«Батыс транзит» АҚ Жобаны Концессиялық келісім негізінде іске асырады. Аталған Концессиялық келісім, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүддесінде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен 2005 жылғы 28 желтоқсанда жасалып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1217 қаулысымен мақұлданған.

«Батыс транзит» АҚ, концессиялық келісімнің негізінде іске асырылатын және инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру арқылы қаржыландырылатын, ұлттық мәнге ие жобаларды жүзеге асыру бағытындағы мемлекеттік-жеке серіктестіктің алғашқы мысалдарының бірі болып табылады.

Елбасының 2008 жылғы 6 ақпанда Қазақстан халқына жолданған «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» 500 кВ өңіраралық электр беру желісінің құрылысы және қолданысы» жобасы «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына кіретін озық жобалардың бірі болып белгіленген.

 

Стратегиялық мақсаттар


•     Қазақстанның Солтүстік өңірінде генерациялаушы қуаттарды дамыту;
•     Қазақстан Республикасының энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
•     Елдің бірыңғай энергетикалық жүйесінің құрылымын жетілдіру, оның сенімділігін арттыру;
•     Батыс Қазақстанның экономикасын дамыту үшін энергетикалық негізді құру;
•     Ресей нарығында электр энергиясына белгіленген бағаның ауытқуына тәуелділікті төмендету мақсатында, сондай-ақ электр қуатымен қамтудың сенімділігін арттыру және Ресейдің энергия қайнар көздерінен электр энергиясының толық жеткізілмеуіне орай залал келтіру тәуекелін төмендету мақсатында, Ақтөбе облысының тұтынушыларын Ресей Федерациясынан жеткізілетін электр энергиясына тәуелділігін төмендету; 
•     Үнемді Екібастұз ЖЭС арқылы Ақтөбе облысында электр энергиясы тапшылығының орнын толтыру;
•     Түпкілікті тұтынушыларға электр энергиясының тарифін 15%-ға төмендету;
•     Тұтынушылар үшін электр қуатымен қамтудың сенімділігін арттыру.  

 

Қоғамның даму кезеңдері

 

2005 ж.              Компанияның құрылуы;
2006 ж.              «Батыс транзит» АҚ бағалы қағаздарының эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу;
2007-2008 жж.     ЭБЖ-500 кВ құрылысын жүзеге асыру;
2009 ж.              ЭБЖ-500 кВ коммерциялық тұрғыдан пайдаланыла бастады;
2012-2013 жж.     Бір тізбекті ЭБЖ-220 кВ екеуінің құрылысын жүзеге асыру.

 

Маңызды оқиғалар

2005

22 қарашада «Батыс транзит» АҚ Алматы қаласының Әділет департаменті тарабынан заңды тұлға болып тіркелді.

28 желтоқсанда «Батыс транзит» АҚ және Қазақстан Республикасы Үкіметі мүддесінде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арасында концессиялық келісім (бұдан әрі – Концессиялық келісім) жасалып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1217 қаулысымен мақұлданды.

 

2006

9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі мүддесінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және «АТФБанк» АҚ арасында Концессиялық келісімнің шеңберінде «Батыс транзит» АҚ инфрақұрылымдық облигациялары иеленушілерінің пайдасына кепілгерлік шарты жасалып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы №218 Қаулысымен мақұлданды (бұдан әрі – Кепілгерлік шарты).

9 наурызда «Батыс транзит» АҚ және «Энергостройпроект» ЖШС арасында ЭБЖ -500кВ құрылысы бойынша жобалау-іздеу жұмыстарын орындауға арналған шарт жасалды.

16 наурызда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, 13 жыл бойы айналыста болатын, жалпы сомасы 18 830 000 000 теңгені құрайтын купондық инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының көлеміне ие «Батыс транзит» АҚ бағалы қағаздарының эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді.

 

2006 жылғы 7 қыркүйекте «Өлке» кіші станциясында, болашақ «Солтүстік Қазақстан — Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісі басталатын жерде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тарабынан естелік ретінде гранит тасы салынды.

 

19 қазанда Қазақстан қор биржасының Биржа кеңесінің (бұдан әрі – KASE) 2006 жылғы 12 қазандағы шешімімен, KZ2CKY13B996 шығарылымының "Батыс транзит" АҚ-на тиесілі инфрақұрылымдық облигациялары KASE ресми тізіміне ("А" санаты) BTTRb1 кодымен енгізілді.

2006 жыл ішінде «Батыс транзит» АҚ жалпы сомасы 5 500 000 000 теңгені құрайтын өз облигацияларын сәтті түрде орналастырды.

 

2007

13 шілде күні «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» 500 кВ өңіраралық электр беру желісінің құрылысы басталды

1 қазанда Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңшасының Сарапшылар кеңесінің (АӨҚО АСА) 2007 жылғы 28 қыркүйектегі шешімімен, KZ2CKY13B996 шығарылымының "Батыс транзит" АҚ-на тиесілі инфрақұрылымдық облигациялары АӨҚО АСА ресми тізіміне ("С" санаты) 1 шарты бойынша aBTTRb1 кодымен енгізілді.

2007 жыл ішінде «Батыс транзит» АҚ жалпы сомасы 4 209 391100 теңгені құрайтын өз облигацияларын сәтті түрде орналастырды.

 

2008


21 сәуірде Кепілгерлік шартына Эмитенттің жауапкершілік кезеңін және Кепілгерге талап қою мерзімін өзгертуге қатысты өзгертулер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 18 наурызындағы №264 қаулысымен мақұлданды.

28 қазанда Концессиялық келісімге өңіраралық желіні республика меншігіне беру мерзіміне, құрылысқа жұмсалатын шығын сомасын нақтылауға, қаржылық-экономикалық үлгінің базалық сценарийінде инвестициялық тарифтің сомасын нақтылауға қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы №989 Қаулысымен мақұлданды.

9 желтоқсанда өңіраралық электр беру желісінің құрылысын аяқтау үшін Еуразиялық даму банкінен 30,5 млн. АҚШ доллары көлеміндегі несие сәтті түрде тартылды.

12 желтоқсанда «Қазақэнергиясараптама» АҚ тарабынан электр қондырғыларына жүргізілген энергетикалық сараптаманың қорытындысы берілді және «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісінің қолданысқа дайын екендігі расталды.

14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К. Мәсімовтің қатысуымен «Өлке» кіші станциясы ресми түрді ашылып, жұмыс кернеуі астына қойылды.

29 желтоқсанда «Батыс транзит» АҚ электр энергиясын беру және тарату, электр желілері мен кіші станцияларды пайдалану қызметімен айналысуға арналған лицензияны алды.

2008 жыл ішінде «Батыс транзит» АҚ жалпы сомасы 8 027 737 200 теңгені құрайтын өз облигацияларын сәтті түрде орналастырды.

 

 2009


9 ақпанда Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының № 32-ОД бұйрығымен, «Батыс транзит» АҚ, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің республикалық бөліміне – электр энергиясын беру және тарату қызметі бойынша табиғи монополия субъекті ретінде қосылды.

19 ақпанда «Батыс транзит» АҚ «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін коммерциялық тұрғыдан пайдалана бастады.

10 сәуірде Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті директорының бұйрығымен, «Батыс транзит» АҚ реттелетін қызметтеріне 1 кВт/сағ. үшін ҚҚС-сыз 2,9 теңге көлеміндегі тариф бекітіліп, 2009 жылғы 1 мамырдан бастап қолдануға енгізілді.

12 қарашада Кепілгерлік шартына мемлекеттік кепілгерлік сомасын ұлғайтуға қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы №1584 Қаулысымен мақұлданды. 

29 желтоқсанда Концессиялық келісімге инфрақұрылымдық облигациялық қарыздың мөлшерін өзгертуге қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы №1584 Қаулысымен мақұлданды.

2009 жыл ішінде «Батыс транзит» АҚ жалпы сомасы 113 756 100 теңгені құрайтын өз облигацияларын орналастырды.

 

2010


21 сәуірде Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті директорының бұйрығымен, «Батыс транзит» АҚ реттелетін қызметтеріне 1 кВт/сағ. үшін ҚҚС-сыз 3,10 теңге көлемінде жаңа тариф бекітіліп, 2010 жылғы 1 маусымнан бастап қолдануға енгізілді.

2010 жыл ішінде «Батыс транзит» АҚ жалпы сомасы 864 725 600 теңгені құрайтын өз облигацияларын орналастырды.

 

2011


22 маусымда Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті директорының бұйрығымен, «Батыс транзит» АҚ реттелетін қызметтеріне 1 кВт/сағ. үшін ҚҚС-сыз 3,45 теңге көлеміндегі тариф бекітіліп, 2011 жылғы 1 тамыздан бастап қолдануға енгізілді.

2012


28 ақпанда «Батыс транзит» АҚ, тартылған қорландыру бойынша купондық сыйақы мен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы өзінің қаржылық шығындарын төмендету мақсатымен Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекелесуге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасына қатысуға өтінім берді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 152 бұйрығына сәйкес, «Батыс транзит» АҚ осы Бағдарламаның екінші кезеңіне қатысуға рұқсат алды.

30 наурызда «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалының Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының №4 балқыту цехын сыртқы электр қуатымен қамту үшін бір тізбекті жоғары вольтты 220 кВ электр беру желілерінің екеуінің құрылысына қатысты ынтымақтастық туралы келісімге «Батыс транзит» АҚ мен «Қазхром» ТҰК» АҚ қол қойылды.

30 мамырда «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалының Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының №4 балқыту цехын сыртқы электр қуатымен қамту үшін бір тізбекті жоғары вольтты 220 кВ электр беру желілерінің екеуінің құрылысы басталды.

18 маусымда «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалының Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының №4 балқыту цехын сыртқы электр қуатымен қамту үшін бір тізбекті жоғары вольтты 220 кВ электр беру желілерінің екеуінің құрылысын қаржыландыру үшін Еуразиялық даму банкінен 3,1 млрд. теңге сомасындағы несие сәтті түрде тартылды.

27 желтоқсанда Сауықтыру кеңесінің шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсанда төрағалық етуімен (№17-5/И-76 хаттама), «Батыс транзит» АҚ Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекелесуге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушысы болып белгіленді.

2012 жыл ішінде «Батыс транзит» АҚ жалпы сомасы 123 150 000 теңгені құрайтын өз облигацияларын орналастырды.


 
2013


29 мамырда бір тізбекті жоғары вольтты 220 кВ электр беру желілерінің екеуінің құрылысы аяқталды және Мемлекеттік қабылдау комиссиясының "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалының Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының №4 цехының БТҚ-2 станциясын Қазақстанның ҰЭЖ-не қосу" салынып болған нысанын пайдалануға қабылдау туралы актіне қол қойылды.

4 шілде күні «Қазхром» АФЗ филиалының №4 цехының Өлке КС-нан БТК-2 станциясына дейін әрбірінің ұзақтығы 37 км құрайтын, кернеуі 220 кВ-қа дейін жететін электр беру желілері ресми түрде іске қосылды.

2 қазанда Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысында жаңғыртылмалы энергия қайнар көздері және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеп, олардан электр энергиясын алу зауыты құрылысының инвестициялық жобасын іске асыру мүмкіндігін қарастыру мақсатында, «Батыс транзит» АҚ және Ақтөбе облысының әкімдігі арасында Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.
 

2014

3 сәуірде «Батыс транзит» АҚ-на «Мемлекеттік-жеке серіктестіктің үздік жобасы» атағы берілді.

4 тамыз күні, Қазақстан Республикасының Ақтөбе қаласының, Ақтөбе облысының аумағында жаңғыртылмалы «күн энергиясы» және «жел энергиясы» электр энергиясы қайнар көздерін пайдаланатын, 25-100 мВт қуатына ие болып табылатын электр станциясын салу мүмкіндігі мақсатында «Батыс транзит» АҚ, Ақтөбе облысының әкімдігі және «ТВЕА» ААҚ арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасалды, ол мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттары негізінде іске асыруға қарастырылады.

30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті

«Батыc транзит» АҚ-ның өзге қызметтің келесі түрлерімен айналысуға арналған қолдаухатын келістірді:

1. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия Субъектілерінің тариф белгіленімі бойынша кеңес беру; Трансферттік баға белгіленімі бойынша кеңес беру;

2. 5 жылдан бастап 20 жылдан артық мерзім белгіленген қаржылық-экономикалық үлгілерді әзірлеу;

3. Бағалы қағаздардың аңдатпаларын дайындау бойынша кеңес беру;

4. Компаниялардың бизнес-жоспарларын әзірлеп, қызметтің барлық елеулі қырларын көрсету;

5. Компанияларды сатуға дайындау барысында кеңес беру және инвесторларды (үлестік және қарыздық) іздеуге көмектесу;

6. Мемлекеттік бағдарламаларға (гранттар, субсидиялар және т.б.) қатысуға көмек көрсету;

7. Қазақстан Республикасы заңнамасына қатысты сұрақтар, соның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестікке, концессиялар туралы заңнамаға қатысты сұрақтар және өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің құқықтық режиміне қатысты сұрақтар бойынша заңды кеңес беру;

8. Тиісті тақырыптаманы баяндау үшін кәсіпқой дәріскерлерді тартуды қоса алғанда, таныстырымдарды, семинар-тренингтерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;

9. Компанияның қызметіне абоненттік қызмет көрсету (аутсорсинг);

10. Электр беру желілерінің құрылысын және/немесе қайта құрылуын техникалық тұрғыдан қадағалау;

11. Кіші станциялардың және автоматика құралдарының құрылысын және/немесе қайта құрылуын техникалық тұрғыдан қадағалау;

12. Күн электр станцияларының құрылысын және/немесе қайта құрылуын техникалық тұрғыдан қадағалау.

 

2015

20 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Батыc транзит» АҚ-ның өзге қызметпен айналысуға: электр беру желілері мен қосалқы станцияларға пайдаланушылық қызмет көрсетуге арналған қолдаухатын келістірді.