Наурыз 2015

«Батыс транзит» АҚ ұжымы «ИПК ZHERSU» ЖШС тарабынан ұйымдастырылған Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты.

Наурыз мейрамын атап өту шеңберінде қазақ халқының ұлттық киім-кешектері мен салт-дәстүрлерінің театрлық қойылымдары көрсетілді. Қалаушылар спорттық жарыстарға қатысу арқылы өздерінің күшін, мықтылығын және ептілігін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, үздік ұлттық салт-дәстүр, киіз үй және үздік дастархан бойынша байқаулар өткізілді.

Біздің ынтымақты ұжымымыз өзінің қонақжайлылығы үшін диплом түріндегі марапатқа ие болды.