Алматы қаласында селден зардап шеккендерге көмек көрсетілді

 

«Батыс транзит» АҚ қызметкерлері 2015 жылдың 23 шілдесінен 24 шілдесіне қараған түні Алматы қаласының Наурызбай ауданында орын алған табиғи апаттан зардап шеккен адамдардың мәселесіне бейжай болмады. Зардап шеккен халыққа көмек көрсету мақсатында, Қоғамның жұмыскерлері ақшалай қаражат жинап, оған көпшілік қолды тауарларды сатып алды. Қоғамның қызметкері Аманбеков Дінмұхамед, «Шұғыла» қоғамдық қорына қосылып, табиғи апаттың салдарын жоюға ерікті тұлға ретінде қатысқанын атап өткен жөн.