ЖАНДОСОВ ОРАЗ АЛИЕВИЧ
Тәуелсіз директор
«Батыс транзит» АҚ Директорлар Кеңесі құрамына алғаш рет 27 қаңтар 2014 жылы сайланған («Батыс транзит» АҚ Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының №22 хаттамасы).
2017 жылдың 27 ақпанындағы «Батыс транзит» АҚ Акционерлерінің Жалпы жиналысының шешімімен (№32 хаттама) тәуелсіз директор ретінде «Батыс транзит» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі етіп сайланған.
2019 жылдың 29 ақпанындағы «Батыс транзит» АҚ Акционерлерінің Кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен (№ 37 хаттама) тәуелсіз директор ретінде «Батыс транзит» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі етіп сайланған.
Алматы қаласында 1961 жылы 26 қазанда дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы, отбасын құрған, үш баласы бар.
Білімі:
1983 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік бітірген, 1986 жылы сол жерде аспирантураны тамамдаған.
Еңбек қызметі:
1987 жылдан 1991жылға дейін – Қазақ КСР Ғылымдар академиясының Экономика институтының кіші ғылыми қызметкері;
1991 жылдан 1992 жылға дейін – кеңесші, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономика кеңесі аппаратының бөлім меңгерушісі;
1992 жылдан 1993 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінің жанындағы шет ел инвестициялары бойынша Ұлттық агенттік төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының экономика министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінің жанындағы шет ел инвестициялары бойынша Ұлттық агенттік төрағасы;
1994 жылдан 1996 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
1996 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма төрағасы;
1998 жылдан 1999 жылға дейін – Премьер–министрдің бірінші орынбасары – инвестициялар бойынша мемлекеттік комитет төрағасы, содан соң - Премьер–министр орынбасары – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
1999 жылдан 2000 жылға дейін – «KEGOC» ААҚ президенті;
2000 жылдың желтоқсанынан 2001 жылға дейін - Премьер–министр орынбасары – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
2001 жылдан 2002 жылға дейін – ҚР Қаржы қауымдастығының кеңес төрағасы;
2003 жылдың қаңтарынан маусым айлары аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
2003 жылдан 2004 жылға дейін – Табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғауды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің төрағасы.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «РАКУРС» Экономикалық талдау орталығы» ҚҚ директоры, сонымен бірге 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ракурс консалтинг груп» ЖШС бас серіктесі;
2013 жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін – Golden Compass Capital тәуелсіз директоры;
2014 жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін – «Қазпошта» АҚ директоры;
2016 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін – Satbayev University тәуелсіз директоры;
2016 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін – «Tengri Сapital MB» АҚ тәуелсіз директоры;
2018 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ тәуелсіз директоры
Қосымша:
2001 жылдан 2008 жыл аралығында – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ҚБ саяси кеңес мүшесі; «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының, содан соң - «Нағыз Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының қосарлас төрағасы.
2003 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
|